« Ас адамның-арқауы»
2019 жылдың 28 қаңтар күні «Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шарасына арналған « Ас адамның-арқауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Мақсаты: Оқушыларды ата – бабаларымыздың дүние танымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету;
Кітап көрмесі қазақтың салт–дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, дархан дастарханы, ұлттық тағамдары жайлы сыр шертеді. Қазақ халқы асқа, тағамға үлкен мән берген. Халқымыз кәделі әрі орны бөлек тағамдарын ет пен сүттен жасаған. Бұл – біздің халқымыздың ерекшелігі.
Көрмеге кітапхана қорындағы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Ас адамның арқауы», «Ұлы дала елі», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін» кітаптары қойылды.