«Қазақтың текті қыраны» еске алу кеші

«Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде 2022 жылдың 5 тамыз күні атақты ұшқыш, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың текті қыраны» еске алу кеші өткізілді.  Аталған кеш мақсаты: Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдиновтің өмір жолы мен ерлігін насихаттау. Кеш барысында батыр ұшқыштың даңқты ерліктері туралы толық ақпарат беріліп, «Қазақтың текті қыраны» кітап көрмесі таныстырылды.

WhatsApp Image 2022-08-02 at 17.29.16 WhatsApp Image 2022-08-02 at 17.29.27 WhatsApp Image 2022-08-02 at 17.30.16