« Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран"

Ағымдағы  жылдың 12 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»  атты кездесу кеші ұйымдастырылды.Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

 Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру,
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Бүгінгі кездесу кешіміздің басты қонағы ауған соғысының ардагері Тұрлыбаев Полат Қанатұлы  соғыс кезінде көрген қиыншылықтары мен бастан кешірген оқиғаларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алысып , оқушылармен әсерлі әңгіме жүргізді.  Ауған соғысы жайлы бейне - ролик көрсетіліп, оқырмандар назарына «Ауғанстан ақиқаты»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1  DSC_0003

DSC_0004 2DSC_0007 DSC_0009

 DSC_0005