« Ұлттың саз байрағы - Домбыра »
2023 жылдың 3 шілде"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы" арнайы жобасы аясында ұлттық домбыра күніне орай « Ұлттың саз байрағы - Домбыра » танымдық сағат өткізілді. Аталған іс-шара қаламыздың мемлекеттік мекемелерінің қызметкелерімен қатысуымен “COWORKING» орталығында өтті.
Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызғушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Домбырадан – таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау.