« Мақтанышым, айбарым, желбіре көк байрағым»

2019 жылдың 4 маусым күні "Приозерск қалалық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары №1 қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен  Рәміздер күніне орай " Мақтанышым, айбарым, желбіре көк байрағым» атты ақпараттық танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты   таныстыру; Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу

4 маусымда  Қазақстанда  Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мереке 1992 жылдан  бастап, жаңа рәміздер алғаш рет бекітілгенде атап өтіледі. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады. Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.

Танымдық сағат Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды, осылайша іс-шараға қатысушылардың патриоттық рухы көтерілді. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы мен қабылдану тарихын егжей-тегжей біле отыра, мемлекеттік рәміздер әлеміне саяхат жасауға ұсынды.

Оқырмандар назарына «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз » атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

DSC_0011 DSC_0104