« Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты»
2019 жылдың 27 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында « Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты», «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасын жан-жақты талқылау мақсатында кітапхана ұжымы арасында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында кітапханашылар "Нұр Отан" партиясының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты" 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасымен танысып ,жан-жақты талқыланды. Бағдарлама жобасының негізгі бағыттарымен кітапхана әдіскері Ш.Козыгельдиева таныстырып өтті. Кітапхана директоры П.Кенжебекова бағдарлама халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру партияның басты міндеті болып табылатынын және осы кезеңде бұл жұмыс одан әрі өзектілікке ие болатынын атап өтті.