Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым
2021 жылдың 14 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның «Білім» орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Мерекелік кеш ҚР Әнұранымен басталды. Оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Д.Төлбасы еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміз туралы айтып өтті. Аталған іс-шараға 44841 әскери бөлімнің қызметкерлері мен №1 мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік туралы тақпақтар, өлең айтып, би биледі. Соңында «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді.