Желтоқсан қаһармандарына мың тағзым
Туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге баулу мақсатында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында 2019 жылдың 12 желтоқсан күні «Желтоқсан қаһармандарына мың тағзым» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараға № 1 мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Кітапханашы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы оқиғалардың қатысушылары — Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова туралы әңгімеледі. «Желтоқсан ызғары» атты бейнеролик көрсетілді.
Шара барысында «Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым» атты слайд-презентация көрсетіліп, «Желтоқсан құрбандары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.