2020 жылдың 4-5 ақпан күндері «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылғы атаулы күндер мен мерейтойларға орай ұйымдастырылған кітап көрмелердің таныстырылымы өтті.

Ұлтымыздың ұлы жолы, талайлы тағдыры, бай тарихы, бабалар өмірі, елдігіміз үшін әзіз жанын пида еткен ірі тұлғаларымыздың өнегелі ғұмыры бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің баға жетпес құндылығы.
      2020 жылдың 4-5 ақпан күндері «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылғы атаулы күндер мен мерейтойларға  орай ұйымдастырылған  кітап  көрмелердің таныстырылымы өтті.

     Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Ордаға-750 жыл,  Қазақ хандығына-555 жыл,  Ұлы Жеңіске-75 жыл, ҚР Конституциясына-25 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына-25 жыл толуына орай , сонымен қатар «Бір ел-бір кітап»акциясы, «2020 жыл-Еріктілер жылы»  кітап көрмелері оқырмандар назарына ұсынылды.  

             Көрмені  № 1мектепің 6-10 сынып оқушылары тамашалады.

DSC_0040 DSC_0041 DSC_0044 DSC_0051 DSC_0053 DSC_0102 DSC_0103 DSC_0107 DSC_0108 DSC_0111