Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы
2019 жылдың 26 сәуірінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы бойынша дөңгелек үстелді №1 жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларының қатысуымен ұйымдастырған болатын.
«Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерлету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу болып табылады. «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша кітапханада жыл бойы тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, түрлі іс-шаралар жоспарлануда.
Кітапханамызға келген әр бір оқырман осы шараларға қатыса отыра Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романыменжақынырақ таныса алады.
Біз бай халықпыз, өйткені бізде қара сөзге жан бітіре білген жазушы ағаларымыз бар, ал олар бар жерде өлмейтұғын әдебиетіміз және бар. Бәрін бірдей тізіп жатпағанмен шолып қарағанда ойға оралатыны Әбіш ағамыздың дүниеге әкелген «Аңыздың ақыры»романынан басқа да ірі-ірі тарихи романдарының өзі бөлек әңгімеге арқау болатын дүниелер. Роман алғашында «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарық көрген, кейін «Аңыздың ақыры» деп аталған. Әбіш Кекілбаевтің әр бір шығармасы классика, соның ең үздігі «Аңыздың ақыры» биылғы жылдың таңдауына ілінді.
Іс-шара барысында оқырмандар «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы өз ойларын ашық жеткізіп белсенділік танытты. Роман туралы өздерінің түсінігін айтып, бұндай туындыларды сүйіп оқитындарын жеткізді. Оқырман назарына «Аңыздың ақыры» атты кітап көрмесі ұсынылды.