«Ақ халатты абзал жандар

2024 жылдың 17 маусым күні Халықаралық медицина қызметкерлер күніне орай «Ақ халатты абзал жандар» тақырыбында құрмет кеші ұйымдастырылып өткізілді. Аталған іс-шара қаламыздың «Жасыл ел» штабының жасақтарының қатысуымен “COWORKING» орталығында өтті. Мақсаты:денсаулық сақтау жүйесіндегі дəрігерлер, мейірбикелер, санитарлар, барлық жұмыскерлерге ризашылық білдіру, құрмет көрсету жəне алғыс айту. Жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау,адам денсаулығының бағалы байлық екенін түсіндіру; Іс-шара барысында кітапханашы тақырыптық мәліметтер айта өтіп, оқушылардан сұрақ-жауап арқылы кері-байланыс алып, «Ақ халатты абзал жандар» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.

 

448407133_1180291043103169_5136400057071998447_n  448486914_1180291063103167_2750217874381169396_n  448658101_1180290996436507_4360756781142931939_n