Ғабдуллин ғибраты
2025 жылдың 11 қараша күні, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Ғабдуллин ғибраты» атты әдеби-патриоттық кеш өткізілді. Мақсаты: батырдың отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік қасиеттерін үлгі ету. Жастарды елжандылыққа, батырлыққа, ұлт рухын қадірлеуге тәрбиелеу. 06708 әскери бөлім сарбаздарының қатысуымен өткізілген іс –шара барысында кітапханашы батырдың өмірбаянын, соғыс жылдарындағы ерлігін, ғылыми еңбектерін таныстырды. Қатысушылар М. Ғабдуллиннің өз шығармаларынан және ол туралы жазылған естеліктерден үзінділер оқыды. «Ғабдуллин ғибраты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмедегі материалдармен таныстырылды. Кеш соңында естелік суретке түсті.
