Адамзаттың Айтматовы

2018 жылдың 10 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 10 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқушыларға Шыңғыс Айтматовтың өмірбаянымен, шығармашылығымен, әлемдік әдебиеттегі озық туындыларымен танысу;

Бұл күнде Шыңгыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз сөздерінде Шыңғыс Айтматов – адамдардың санасын рухани әсемдікпен байытқан және әлемдік өркениеттің мәдени ортасын дамытуға үлкен үлес қосқан ұлы тұлға деп айтып өтті. Дөңгелек үстел аясында «Ғасырдан да ұзақ күн» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

IMG_3068 IMG_3079 IMG_3082