Адамзаттың Айтматовы

2023 жылдың 11 желтоқсан күні  қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына  орай «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбында жазушы бенефисі өтті.

      Шыңғыс Айтматов – адам және қоғамдағы мәселелерді көркем шығармаларында шебер суреттеп, кейіпкерлерін ұмытылмастай ететін қасиетке ие жазушы. Оның прототиптері – рухы жоғары, адамгершілігі асқан, адам жанына терең бойлайтын жандар. Өйткені ол жаңашыл жазушы, психологиялық портреттің шебері еді. Қазақ пен қырғыздың әдеби мұрасын ортақтастырып, қаламының ұшына жан бітіре білген, сырға, мұңға толы шығармаларымен оқырманын бірден баурап алатын заңғар жазушы. Кеш барысында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы баяндалып,  кітап көрмесіне шолу жасалды.

5 (8)  7 (3)  8 (3)  13  14