Адуынды ақын,дана жырау
2023 жылдың 22 қараша күні суырып салма ақын Шортанбай Қанайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Адуынды ақын,дана жырау» тақырыбында тарихи сағат өтті. Мақсаты: Ақын Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту;
Шортанбай Қанайұлы – ақын, діни қайраткер, айтыскер, зар заман өкілі суырып салма өнері бар қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Шортанбай қазақтың отаршылдық езгідегі ауыр хәлін жырлаған.
Іс-шара барысында кітапханашы Шортанбай Қанайұлының өмірі мен қызметімен таныстырып, импровизация мен шешендік өнердің атақты шеберінің тұлғасы мен шығармашылығына деген қызығушылығын оятты. «Адуынды ақын,дана жырау» атты кітап көрмесіне көрнекті қазақ ақынының өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндалған кітаптар мен материалдар қойылды