Кітапхана түні-2019

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  2019 жылдың  20 қыркүйек  күні «2019жыл - Жастар жылы» тақырыбында  дәстүрлі түрде үшінші мәрте «Кітапхана түні» әлеуметтік -мәдени акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: жастарды кітапханаға тарту,сол арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру; оқуды қолдау,кітапқа деген қызығушылығын дамыту, жаңаша  бағытта танымдық-интеллектуалдық бағдарламаларға қатысып, тиімді өткізуге оқырмандарды тарту;

Акция алдында бірнеше күн бұрын афиша ілініп, қала мекемелері мен мектептерге бағдарламасы мен шақыру қағазы үлестіріліп,  хабарландыру жұмыстары жүргізілді. «Кітапхана түні» күзгі  кештердің бірін кітапханада ең жақсы естеліктер сақталатын тамаша оқиғаға айналдырды.

«Кітапхана түні» атты әлеуметтік-мәдени акцияның салтанатты ашылуын Достық балалар шығармашылығы орталығының «Вдохновение» би тобының бишілері «Үкілім» атты қазақ биімен  бастап, кітапхана директоры Кенжебекова Павлина Сиязбековна құттықтау сөз сөйлеп, кітапхананың тұрақты оқырмандарын  алғыс хаттармен марапаттады.

Е.Қалжігітов орындаған «Жан анам» әні, «Вдохновение» би тобының «Матрешки» орыс биі қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Жүргізуші  Канагатова Фариза  келген қонақтарды  «Кітапхана түні - 2019» акциясының бағдарламасымен таныстырып, белсене қатысып, уақыттарын  қызықты өткізуге шақырды.

Кітапхана алаңында «Поэзия әлемі» (Ф.Оңғарсынова 80 жыл, Қ.Аманжоловқа 108 жыл), «Дана бабам,дара тұлғам- Әйтеке би», «Рухани жаңғыру және алаш зиялылары» (Т.Рысқұлов 125 жыл, Мұстафа Шоқай 130жыл,)«Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» (І.Жансүгүров, Б.Майлин, С.Сейфуллин 125 жыл) кітап көрмелері құрылып, «Оқы және өзгеге сыйла!» акциясы, кітапты насихаттаудың қазіргі формасының бір түрі - буккроссинг өткізілді.  

«Танысыңыздар, буккроссинг!» иллюстрацияланған кітап көрмесі қойылып, онда түрлі мазмұндағы әдебиет ұсынылды - балалар ертегісі, оқиғалар, қазақ, орыс және шетелдік классиктерінің романы мен әңгімелерінен бастап, детектив,фантастикаға  дейін. Оқырмандар кітапты тегін алып,  оқып болған соң айналасындағыларға, өзге біреулерге беру тапсырылды.

Жиналған қауым бір уақытта бірнеше шаралардың куәсі болды.Өзінің жас аралығы  аудиториясына  арналған әр бөлімдерде синхронды  түрде іс-шаралар өтті.

Балалар кітапханасында жиналған балақайларға кітап беттерінен қазына іздеу «Сиқырлы ертегілер әлеміне саяхат» танымдық ойын-саяхат,  викториналар өткізіліп, балалар түрлі ойынға қанық болды.

Оқу залында  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ә.Тәжібаевтың «Жыр ғұмыры» атты лирика сағаты өтті. Іс-шараға поэзияны жақсы көретін, бағалайтын, оқуды жалғастырып, өлеңдерін жатқа оқитын  адамдар келді.

 Содан кейін "ақындық толқын" әсерімен  жүрген көрермендер  сүйікті өлеңдерімен,  кештегі эмоцияларымен  қуана  бөлісті. Сонымен қатар «Бір ел-бір кітап» акциясына арналған  викториналық ойын-сұрақтар ойнатылды.

« Кітапханадағы түн" акциясының негізгі аудиториясы - жастар. Жастар кітапханадан  тамаша шығармашылық  - демалыс аумағын көрді. Кітапхананың  Білім орталығында  қалалық  жастар ресурстық орталығының жастары семинар-тренинг, түрлі ойындар өткізді.

Кітапхана түніндегі барлық бағдарламаларға қала жұртшылығы белсене қатысып, кітапханада оқырмандар қатары жаңа оқырмандармен толықты.

Ұйымдастырылған мерекелік шара қала тұрғындары үшін маңызды да қызықты демалыс кеші болып, қала тұрғындары алғыс білдіріп тарасты.

0 1 2 3 4 6 10 DSC_0010 DSC_0018 DSC_0021 DSC_0024 DSC_0033 DSC_0035 DSC_0039 DSC_0043 DSC_0047 DSC_0056 DSC_0065 DSC_0081 DSC_0091 DSC_0096 DSC_0103 DSC_0105 DSC_0107 DSC_0110 DSC_0127 DSC_0128 DSC_0134 DSC_0138 DSC_0148 DSC_0150 DSC_0156