Қалам мен тағдыр
2026 жылдың 20 сәуір күні жазушы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қалам мен тағдыр» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығын насихаттау, оның өмір жолы мен әдеби мұрасын оқырмандарға кеңінен таныстыру. Әдеби кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы мазмұнды баяндама жасалды. Қаламгердің «Тағдыр», «Дарабоз» секілді белгілі шығармаларына шолу жүргізіліп, олардың тарихи және тәрбиелік мәні түсіндірілді. Іс-шараға қатысушылар жазушы шығармаларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда жазушының еңбектері мен ол туралы әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Кеш барысында оқушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, пікір алмасу өтті.