Қаламы қарымды қаламгер

2024 жылдың 13 ақпан күні №1 мектебінде мұғалімдердің қатысуымен жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлына 75 жас толуына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара барысында қаламынан туған әр шығармасында ұлттық рух пен елдік мүдде айқын көрініс тапқан, қазақ журналистикасының көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы С. Жанысбайдың қоғам ¬дамуына белсенді атсалысып, облыс тарихын зерттеп, өлкетануға қосқан үлесі жайлы көптеген мәліметтер айтылды. Кітап көрмесіне шолу жасалды.