Қаламы қарымды жазушы

       Жазушы Кәдірбек Сегізбаевтың туғанына 85 жыл толуына «Қаламы қарымды жазушы» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдебиетке құрмет сезімін қалыптастыру. Кеш барысында кітапханашы жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы кеңінен мәлімет берді. Оқушылар назарына қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқылып, оның туындыларының тәрбиелік мәні мен көркемдік ерекшеліктері айтылды. Іс-шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, жазушының еңбектері мен ол туралы әдебиеттерге шолу жасалды.