Алаш айбындыларының рухына тағзым

2019 жылдың  31 мамырында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ оқу бөлімінде  Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарымызды еске алу күніне орай «Алаш айбындыларының рухына тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қаладағы Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Жастар ресурстық орталығы және қалалық кітапхана қызметкерлері қатысты.

Мақсаты:  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге ,ұмытпауға тәрбиелеу;

Қатысушылар тарапынан сталиндік қуғын-сүргін жылдары, лагерге айдалу туралы  және қазақ  зиялыларын  ақтау жайында баяндамалар оқылды. Дөңгелек үстелдің барысында жазасыз қайтыс болғандар ғана емес, ашаршылықтан қазақ тапқан жандар да еске түсірілді.  Іс-шараны кітапхана қызметкерлері дайындаған  «Алаш айбындыларының рухына тағзым»  слайд және «Қанмен жазылған хат» атты деректі фильм көрсетіліп , «Зұлмат жылдар қасіреті»  кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

 DSC_0057 DSC_0058 DSC_0060 DSC_0066 DSC_0071 DSC_0076 DSC_0079