Алаш көсемі
«Ұлы даланың ұлы есімдері», «Адалдық алаңы» арнайы жобасы аясында, қазақ халқының саяси дербестігі мен бас бостандығы үшін күресте өзінің барлық саналы өмірін арнаған көрнекті қоғам қайраткері, ұлттық-демократиялық "Алаш" партиясының жетекшісі, қазақ ұлттық Алашорда үкіметінің көшбасшысы, ғалым Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған «Алаш көсемі» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Алаш партиясының бірінші төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, Ә. Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы пікір алмасу. Оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б.Пирмаханова Ә. Бөкейхановтың ауыр өмір жолы туралы әңгімеледі, тәуелсіз қазақ халқының тарихына қосқан үлесі, еңбектері жайында талқылады. «Алаш көсемі» атты кітап көрмесі Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси, мемлекеттік, ғылыми, публицистикалық және журналистік қызметі және оның бай мұрасына арналады. Көрмеде автордың кітаптары, жинақтары, ұсынылды.