Алаш зиялысы | Приозерск қалалық кітапханасы

Алаш зиялысы

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері М.Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай, 2024 жылдың 20 желтоқсан күні кітапхананың “Білім орталығында “Алаш зиялысы” тақырыбында әдеби вернисаж өткізілді. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Қазақ ұлтының тәуелсіздігі жолында құрбан болған ұлт қайраткерінің өмірін насихаттау.

       Іс-шара барысында кітапханашы Алаш қайраткерінің өмірі мен шығармаларына шолу жасалып, оқушылармен кері байланыс жүргізілді. Алаш қайраткері туралы бейнеролик көрсетіліп, “Алаш зиялысы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.