Алаштың асыл арысы – Халел
2018 жылдың 24 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым, тарихшы, тілтанушы, әдебиетші Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жылдығына арналған «Алаштың асыл арысы - Халел» атты еске алу кеші өтті.
Еске алу кешіне қаладағы Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және №1,2мектептің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты : Отанын, елін , туған жерін сүю , туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Еске алу кеште оқырмандарға Халел Досмұхамедтың өмірбаянымен, шығармашылығымен оқу бөлімінің кітапханашысы М. Айтжанова таныстырып өтті. Алаш қозғалысының қайраткері Халел Досмұхамедов 1883 жылы сәуірдің 24 күні Орал облысында дүниеге келген. Халелді орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал училищесіне қабылданып, оны үздік бітіреді. Қәзіргі таңда Атырау қаласында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бар.
Іс-шара барысында Х.Досмұхамедов жайлы «Ұлт мақтанышы» атты бейне сюжетінен үзінді көрсетілді және «Алаштың асыл арысы - Халел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.