Алаштың асыл перзенті
2026 жылдың 5 қаңтар күні ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедханұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Алаштың асыл перзенті» атты тарихи-ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ғалым, жазушы, драматург, алаштанушы Қайым Мұхамедханұлы өмірі мен шығармашылық мұрасын таныту. Алаш арыстарының еңбегін дәріптеу арқылы жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, отансүйгіштік рухын қалыптастыру, тарихи әділдікті тануға баулу. Іс-шараға 06708 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Тарихи-ақпараттық сағат барысында кітапханашы Қайым Мұхамедханұлының өмір жолы, Алаш қозғалысымен байланысы, ғылыми еңбектері мен әдеби мұрасы жөнінде мазмұнды баяндама жасалды. Әсіресе, ғалымның Абайтану саласындағы өлшеусіз еңбегі, Алаш арыстарының ақталуына қосқан үлесі кеңінен сөз болды. Шара соңында «Алаштың асыл перзенті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Қайым Мұхамедханұлының шығармалары мен ол туралы жазылған зерттеулер таныстырылды. Қатысушылар Қайым Мұхамедханұлының ұлт тарихындағы орны туралы өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап жүргізілді. Тарихи-ақпараттық сағат жас ұрпаққа ұлт руханиятын қадірлеуге, ел тарихын терең тануға бағыт-бағдар берді.





