Ғалым. Қайраткер. Тұлға.
2021 жылдың 20 қаңтар күні ғалым, абайтанушы, жазушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 105 жыл толуына орай "Ғалым. Қайраткер. Тұлға" атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айқындап көрсету, жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Спикер: оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б.Пирмаханова ғалымның шығармалары, ғылыми еңбектері жайлы ғалымның туып-өскен, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы толық мағлұмат берді.
Жазушының кітаптарынан "Қайымның әдеби мұрасы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.