«Алғыр ойдың иесі»
2018 жылдың 8 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтің 125-жылдығына орай «Алғыр ойдың иесі» атты әдеби кеші өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы,поэзия әлеміндегі алатын орны.Ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру.
Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек.
Кітапханашы Ж.Досмуратова ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқып, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды.
Іс – шараның соңында «Алғыр ойдың иесі» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.