Алғыс – елдің елдігі
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Алғыс – елдің елдігі» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: қоғамда бірлік пен татулықты, өзара құрмет пен сыйластықты дәріптеу; Еліміздегі ұлттар достығы мен ынтымақтастық құндылықтарын насихаттау. Алғыс айту күнінің маңызын түсіндіру;
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Алғыс айту күнінің шығу тарихы мен мәні туралы ой бөлісті. Шараға қаланың ардагерлер ұйымының өзге ұлт өкілдері және «Сырлас» клубының мүшелері қатысты. Пікір алмасу кезінде қатысушылар ризашылық білдірудің адам өміріндегі орны, отбасы мен қоғамдағы алғыстың рөлі туралы өз көзқарастарын ортаға салды. Сонымен қатар, еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың маңызы айтылып, қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Шара соңында тақырыпқа байланысты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Дөңгелек үстел қатысушыларға алғыс айтудың адамгершілік құндылық екенін терең ұғындырды. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы бірлік пен сыйластықты нығайтып, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. «Алғыс – елдің елдігі» атты шара өз мақсатына жетіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.




