Алғыс айту күні
2021 жылдың 1 наурыз күні кітапхананың «Білім» орталығында Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту күні» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәнгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлтық игілігі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизімнің принциптерін қалыптастыру. Дөңгелек үстелге кітапхана қызметкерлері қатысты.
Оқу бөлімінің кітапханашысы А.Ешжанова «Алғыс айту күнінің» маңыздылығы, бірлік пен бейбітшіліктің негізі «Қазақстан халқы Ассамблеясының» құрылу тарихы мен еліміздің дамуына қосатын үлесі және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі туралы мәселелер талқылап өтті. Іс-шара барысында «Алғыс айтамыз баршаңызға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.