Амангелді – халық батыры

2018 жылдың 4 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Имановтың туылғанына 145 жыл толуына  орай «Амангелді-халық батыры» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараға  № 2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға халық батыры Амангелді Имановтың өмірі мен ерлігі туралы мәлімет бере отырып, 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалыстың отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын түсіндіріп, қозғалыстың ең ірі орталықтарындағы барысын, басшыларын, жеңілу себептерін және тарихи маңызын ұғындыру.

Қазақстанда Кеңес билігінің орнауына 1916 жылғы көтеріліс тәжірибесі барлық кейінгі күрестерге үлкен әсер етті. Кеңес өкіметі үшін күресте А.Иманов артында өшпейтін із қалдырды. Амангелді Имановтың өмірбаянымен  кітапхана әдіскері Козыгельдиева Шолпан таныстырып, әңгіме барысында презентация көрсетілді.1916 жылғы көтеріліс туралы қызықты тарихи материал тыңдалды.

«Амангелді-халық батыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.   Көрмеге «Қаһарлы 1916жыл», «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы»,  «Қазақстан тарихы»,  «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» т.б кітаптар мен мерзімді басылымдар оқырмандар назарына ұсынылды.

20180404_145924 20180404_145933 20180404_150746 20180404_151000 20180404_151141 20180404_152113 20180404_152756 20180404_153435 20180404_153446 20180404_153608