Ана – өмір нұры

       2026 жылдың 12 мамыр күні Аналар күніне орай «Ана – өмір нұры» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мақсаты – анаға деген құрметті арттыру, мейірім мен ізгілікке тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын насихаттау. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапхана қорындағы аналар тақырыбындағы кітаптардан ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға шолу жасалды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кеш әсерлі өтіп, қатысушылар анаға деген ыстық ықыластары мен жүрекжарды лебіздерін білдірді.