Ана-асыл қазына

 

           2024 жылдың 13 мамыр күні №1 мектептің 11-сынып оқушыларының қатысуымен Аналар күніне орай «Ана-асыл қазына» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Ана — өмірдің шуағы, ана — өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

       Шара барысында балаларға қызықты сұрақтар қойылып, сауалнама жүргізіліп, «Ана-асыл қазына» атты кітап көрмесі таныстырылды.

6  7  8