Ана-ең қымбатты жан
2018 жылдың 5 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана – ең қымбатты жан» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс – шараға №2 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Мерекелік кешке «Алтын алқа» иегері, жеті баланың анасы әріптесіміз Джентинбаева Ульяна Кинабовна шақырылды. Іс-шарада оқушыларымыз Абдукаримов Б, Ергешов А аналарымызға, әжелерімізге, апайларымызға, қыздарға арнап жылы лебіздерін білдіріп, өлең шумақтарын оқып берді. Қызықты ойындар ойнатылды. 10 сынып оқушылары Кулиева Л.,Избасар Л ән айтып көңілдерін көтерді. Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Ана – әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді ең қамқор адам.
Іс - шара барысында «Анасыз өмір – сөнген көмір» атты кітап көрмесі таныстырылды.