Ана— өмір гүлі
2020 жылдың 4 наурыз күні«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Білім орталығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай « Ана-өмір гүлі» атты мерекелік кездесу кеші өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, оқушыларды мейірімділікке, ата-анаға деген сый-құрметке тәрбиелеу;
Кездесу кешіне көпбалалы ана Құрманбаева Бағила Абдуллақызы, сонымен қатар № 1 мектептің 8 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында оқушылар анаға арналған өнерлерін ортаға салды. Әсем әндерін тарту етіп, мың бұрала би билеп берді.
Кешке келген Құрманбаева Бағила оқушылар мен кітапхана ұжымына алғыс сезімін білдіріп, алдағы уақытта да осындай шараларға қатысуға ат салысатынын айтты. Сондай-ақ «Аналарды ардақтау-асыл дәстүр» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, арнайы дайындалған слайд көрсетілді.