Ана-өмір гүлі

Қалалық кітапханада ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 наурыз  Әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана-өмір гүлі» мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Аталған іс-шараға көп балалы жас ана Келешова Фариза арнайы шақыртылып, оқушылар арасында сұрақтар қойылып, жас ана өз ойын ортаға салды. Сөз соңында әдемі тілектерін жеткізді. Кітапханашы Д.Төлбасы әйел - аналардың дәстүрлі мерекесі 8 - наурыз құлпырған қызғалдақтай әсем мерекесімен құттықтап өтті. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында Ф.Келешоваға аздаған сыйлық беріліп, естелік суретке түсті.

30 29 28 26  16 14 13 12