Ана-өмірдің гүлі

2024 жылдың 7 наурыз күні қалалық кітапханада ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 наурыз Әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана-өмірдің гүлі» мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Аталған іс-шараға көп балалы ана Хожагелдиева Тамара Исабековна арнайы шақыртылып, оқушылар арасында сұрақтар қойылып, сыйлы қонағымыз өз ойын ортаға салды. Сөз соңында әдемі тілектерін жеткізді. Кітапханашы  И.Талханбаева әйел - аналардың дәстүрлі мерекесі 8 - наурыз құлпырған қызғалдақтай әсем мерекесімен құттықтап өтті. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында Тамара Исабековнаға аздаған сыйлық беріліп және өнерлерің көрсеткен оқушы қыздарымызға «Алғыс хат» табысталып, естелік суретке түсті.