Ана өмірдің шуағы

2021 жылдың 4 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің «Білім» орталығында көктемнің шуақты күнімен қатар келетін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана-өмірдің шуағы» атты мерекелік кездесу кеші өтті.

Кештің мақсаты: ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Мерекелік кездесуге қаламыздың көпбалалы жас ана Соколова Татьяна Витальевна арнайы шақырылды. Іс-шараға №1мектептің 9 сынып оқушылары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Оқушылар өлеңдер оқып, ән салып мерекелік кештің қызықты өтуіне ат салысты.  Іс-шара барысында Т.Соколова кітапхана ұжымы мен оқушыларға алғыс сезімін білдіріп, алдағы уақытта да осындай іс-шараға ат салысатынын айтты.

Сондай-ақ «Ана-өмірдің шуағы» атты тақырыбындағы көрме оқырмандар назарына ұсынылды.  Кеш соңында Т.Соколоваға сый-сияпат беріліп, оқушыларға кітапхананың іс-шараларына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 

 

 2 WhatsApp Image 2021-03-04 at 10.53.04 (4) WhatsApp Image 2021-03-04 at 10.53.04

WhatsApp Image 2021-03-04 at 10.53.05 (4) WhatsApp Image 2021-03-04 at 10.53.38 1