Ана тілім- бабалар мұрасы

2019 жылдың 5 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Білім орталығында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Ана тілім-бабалар мұрасы» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараға №1 қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу және оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ;
Іс-шара барысында оқушылар өз ана тіліне деген сезімдерін әдеби тілдің шеберлерінің өлең шумақтарын мәнерлеп, жүрекке жеткізіп оқу арқылы білдірді. Соңында «Тілге құрмет-елге құрмет» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.