Ана тілім-мәңгілік бойтұмарым

   2024 жылдың 4 қыркүйек күні кітапханамызда №1 мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен Тілдер мерекесіне орай «Ана тілім-мәңгілік бойтұмарым» тақырыбында тіл сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, сыйлау, ана тілдерін қастерлеу сезімдерін қалыптастыру. Сөздік қорларын байыту, іскерлікке дағдыландыру. Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білу, ұғыну, түсіну, шығармашылыққа баулу.

       Іс- шара барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, сайыстың ережелерімен танысып өтті. Кітапханашының қойған сұрақтарына белсенді жауап беріп, берілген тапсырмаларды атсалыса орындап отырды.Сонымен қатар «Ана тілім-мәңгілік бойтұмарым» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара соңында жеңімпаз топты сайыс барысында жинаған ұпайларына байланысты әділ-қазы анықтады. Сайыста жеңімпаз атанған «Қыран» тобы, ал екінші орынды «Тұлпар» тобы алды. Осы топтардың ішіндегі ең белсенді деген 6 оқушылар сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар барлық оқушыға бірдей сайысқа қатысқандары үшін журнал сыйға таратылды.

 

 

19  15  16  17  18  21  22  23  24