Анадан туған алып
Қазақтың халық жазушысы, драматург сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай кітапхананың балалар бөлімінде, мектеп оқушыларының қатысуымен «Анадан туған алып» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ұлттық әдебиеттің қалыптасуы мен өркендеуіне үлес қосқан қазақтың ұлы жазушысы Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, бай әдеби мұрасын насихаттау және таныстыру. Аталған іс-шарада кітап көрмесі дайындалып, жазушының өмірі мен шығармашылығы, оның негізгі шығармалары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан» романдары және т. б. туындыларына шолу жасалды.