Ар алдында айнымаған ақын

2023 жылдың 11 мамыр күні көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Иманасовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ар алдында айнымаған ақын» тақырыбында  поэзия сағаты өтті. Поэзия сағатына  №1мектептің оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларды Сәкен Иманасовтың шығармашылығымен таныстыру; ақынның шығармаларын  насихаттау;

Сәкен Иманасов -қазақ поэзиясына нәзік лиризм мен шыншыл сезім әкелген талантты ақын, барша қазақ оқырман қауымға танымал сөз зергері

Шара басында кітапханашы Сәкен Иманасовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы  мағлұмат беріп өтті. Іс-шара соңында «Ар алдында айнымаған ақын» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.