Қарттарға құрмет-ұрпаққа міндет.

2020 жылдың 30 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім» орталығында 1 қазан- Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарға құрмет-ұрпаққа міндет» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараға «Сырлас» клубының мүшелері қатысты.

Мақсаты: «Қарты бар ел - қазыналы ел» демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту;

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 14 желтоқсан 1990 жылы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.

Кеш соңында оқырмандарға «Қарттарым-асыл қазынам» презентация көрсетіліп, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

image001 image003  image007

image009 image011

image013 image005