Қарттарым аман сау жүрші...!
2019 жылдың 30 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында 1 қазан- Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым аман сау жүрші...!» атты мерекелік кездесі кеші өтті. Іс-шараға «Сырлас» клубының мүшелері және кітапхана оқырмандары қатысты.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 14 желтоқсан 1990 жылы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
Кеш соңында оқырмандарға «Аталар сөзі- ақылдың көзі» презентация көрсетіліп, «Қарты бар ел-қазыналы ел» атты кітап көрмесі ұсынылды.