Ғарыш ғажайыптары

2024 жылдың 8 сәуір күні Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш ғажайыптары» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға №1 мектептің 9-сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкер, зымыран, аспан әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Іс-шара барысында ғарыш әлемі жайлы айтылды және сұрақ-жауап арқылы оқушылардан кері байланыс алынды. «Ғарыш ғажайыптары» атты кітап көрмесі таныстырылып өтті.