Ғарыш көрген үш қазақ

12 сәуір - Ғарышкерлер күніне орай мектеп оқушыларының қатысуымен  «Ғарыш көрген үш қазақ» тақырыбында  ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсаты: балаларды ғарыш әлемімен таныстыру; ғарышкерлер туралы мәлімет беру арқылы ғарышкерлерге деген сый-құрметтерін нығайту. Кітапханашы Қазақстанда космос кеңістігін зерттеу туралы жазылған ғылыми еңбектер, еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтердің өмірі, қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы  жасаған ерліктері туралы мағлұмат беріп, бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында кітап көрмесі таныстырылды.