Ғарышқа жол ашқан
Кітапхананың оқу залында ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ғарышқа жол ашқан» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: Қазақтың даңқты ғарышкері, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбек жолын таныстыру, жас ұрпақтың ғылымға, ғарыш саласына қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ақпараттық сағат Талғат Мұсабаевтың өмірбаяны мен ғарышқа жасаған ұшулары туралы кіріспе сөзбен басталды. Іс-шара барысында ғарышкердің бала кезі, авиация саласындағы қызметі, ғарышқа үш рет ұшуы, халықаралық экспедицияларға қатысуы туралы мәліметтер берілді. Оқушылар ғарыш тақырыбында ой бөлісіп, сұрақ-жауап жүргізілді. Іс-шара соңында Талғат Мұсабаевтың ерлігі мен еңбегі – жас ұрпақ үшін үлкен үлгі екені айтылды. Кітап көрмесі таныстырылып, ақпараттық сағат оқушылардың ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттырып, ел мақтанышына айналған тұлғаны тереңірек тануға мүмкіндік берді.


