Ғарышты бағындырғандар

      Ғарышкерлер күніне орай оқушыларға "Ғарышты бағындырғандар" атты тарихи-ақпараттық сағаты өткізілді. Мақсаты: ғарыш әлемі туралы кеңінен мағлұмат беру, адамзаттың ғарышты игерудегі жетістіктерін таныстыру. Сонымен қатар, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

     Шара барысында ғарыштың тарихы, алғашқы ғарышкерлердің ерліктері туралы мәліметтер берілді. Әсіресе Ю.Гагарин мен Т.Әубәкіров , Т.Мұсабаев, А.Айымбетов сияқты ғарышкерлердің өмір жолы мен жетістіктері таныстырылды. Қатысушыларға ғарыш тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, олардың қызығушылығы артты. Сонымен қатар оқушыларға сұрақтар қойылып, олар белсенді түрде жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Олар ғарыш туралы тың ақпараттар алып, өз ойларын ортаға салды. Осындай шаралар жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашаққа деген сенімін нығайтады.