Қасіретті жылдар елесі
31 мамыр- бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде 31 мамыр күні «Қасіретті жылдар елесі» тақырыбында 31 мамыр- Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: зұлмат жылдардың оқиғасын,оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау,оларды мәңгі есте сақтау;
Дөңгелек үстелге ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Шарбекова, қаладағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала имамы Д.Қожахметов , Қарағанды қаласы «Нұрлы білім диструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы», теолог Абдыраш Айдос Қалижанұлы және кітапханашылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға қуғын - сүргін құрбандары туралы бейнекөрсетілім көрсетіліп, пікіралмасу өткізілді. Өз кезегінде тарих пәнінің мұғалімдері Г.Қыдырбаева, Б.Искаков, кітапханашылар Г.Чернева, М.Айтжанова осы іс-шараға байланысты мазмұнды баяндама жасады. «Саяси зұлмат кезеңі» атты кітап көрмесін кітапхана әдіскері Козыгельдиева. Ш таныстырып өтті.
Жиын соңында жазықсыз құрбан болғандарды еске алып, қала имамы қасиетті Құран Кәрімді оқып, рухтарына сауабын бағыштады.