Астана – қазақ елінің айнасы

Елорда күніне орай кітапханада «Астана – қазақ елінің айнасы» атты ақпараттық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды Астананың қалыптасу тарихымен, бүгінгі келбетімен және ел дамуындағы айрықша орнымен таныстыру, туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптеу. Кеш барысында Астананың тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы ретінде қалыптасуы, сәулеттік келбеті, мәдени-рухани және қоғамдық маңызы туралы мазмұнды ақпарат берілді. Қатысушылар елорданың тарихы мен жетістіктері жайлы қызықты деректермен танысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Астана – қазақ елінің айнасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, елорданың тарихы, сәулеті, мәдениеті мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесін баяндайтын кітаптар таныстырылды.