Қасым ғасыр ақыны

2019 жылдың 10 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны  Қасым Аманжоловтың туғанына 108 жыл толуына орай «Қасым ғасыр ақыны» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараға № 2 мектептің оқушылары қатысты.

Кештің мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, адалдыққа, адамгершілікке баулу;ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы оны болашақ ұрпақтың бойына сіңіру.

Іс-шара барысында кітапханашы Ф.Канагатова ақынның өмірі мен өлеңдеріне тоқталып өтті. Кеште оқушылар өз өнерлерін ортаға салды, олар ақынның: «Көкшетау», «Туған  жер», «Нартәуекел», «1945 жыл» және т.б. көптеген өлеңдерін жатқа айтты. «Қасым ғасыр ақыны» атты кітап  көрмесі қойылып, библиографиялық шолу жасалды.


 

13 10 11 12 14 33 15 222