Қасым оқулары

27 сәуір күні қалалық кітапхананың «Білім» орталығында Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қасым оқулары» жас ақындар байқауы өткізілді.

      Үш кезеңнен тұрған байқауға оқушылар белсене қатысты. Өз өлеңдерін тебірене, шабыттана жеткізді. Аталған байқауда жас ақындарға әділ бағасын беру, бағалау ақын, ҚР журналистер Одағының мүшесі Н. Қ.Қарабековке жүктелді.  Жүзден жүйрік шыққандарға мадақтама қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды. Байқау қатысушыларының барлығына байқауға қатысқаны үшін Алғыс хаттар берілді.

 5 6 7 8